Моңғолия парламенті елдегі толқуларға байланысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Парламент спикері Гомбожавын Занданшатар көмір ұрлығына қатысы бар адамдардың барлығы қатаң жазаға тартылады деді. Ол үшін арнайы тексеру тобы құрылмақ. Еске салайық, билік басындағы шенеуніктер шамамен 13 млрд долларды қолды қылды деп айыпталып жатыр. Оларға Қытайға көмір экспорттау кезінде мемлекет қаржысын негізсіз жымқырды деген кінә тағылды.
Осы жағдайға байланысты Ұлан-батыр тұрғындары қала көшелерінде 3 күннен бері жаппай наразылық шерулерін ұйымдастырып жатыр. Жұрттың ашуға булыққаны сонша, олар Үкімет үйін басып алмақ болған.
Ел азаматтары биліктен осы іске қатысы бар адамдардың есімін жариялауды талап етіп отыр.