Баласының құқығын бұзған 500 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Баласының құқығын бұзған 500 ата-ана жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баласының құқығын бұзған 500 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Тәрбиесі төмен отбасыдан шыққан балаларды тәрбиелеуде міндеттерін орындамаған 600-ден астам ата-ана анықталып, есепке алынды. Олардың ішінде 500-ден астамы балаларының құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ресми өкіл ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар, ол 17-19 қыркүйек аралығында өткізілген «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы барысында оқу орындарындағы құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылғанын айтты. Іс-шара барысында 5 мыңнан астам мектеп пен 600 колледж қамтылды. Оқушылар жасайтын құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі әңгімелесу жүргізілді. Балаларға қоғамдық орында жүріп-тұру ережесі, бейтаныс адамдармен сөйлесу, сонымен қатар жанжал туындаған жағдайда әрекет ету барысы түсіндірілді. 

«Бұдан бөлек, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жерлерін тексеру бойынша рейдтер ұйымдастырылып, тұрмыстары зерделенді, ата-аналармен әңгімелесу жүргізілді», – деді Нұрділдә Ораз.


Новости партнеров