Қыршынынан қиылған өмір: Ақтауда суға шомылып жүрген бала мерт болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған фактіге қатысты тексеру жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудағы демалыс кешенінде 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2007 жылы туған бала сырғанақтан қауызға секіріп, көз жұмған. Жағдайдан кейінгі ахуалды кездейсоқ куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының мамандары оқиға орнына барып, зардап шеккен азаматтың тілге келмей, қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Әлеуметтік желіде әр түрлі алыпқашпа қауесеттер де тарап жатқан көрінеді. Бірі баланы биіктіктен жерге құлады десе, енді бірі қауыздағы суға батты деп жатыр. Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жұмыстары басталды.

- Марқұмның қасында болған куәгерлер мен жақындарының мәліметінше, жас бала қауызға құлаған. Олар өздері судан алып шығып, алғашқы көмек көрсетіпті. Алайда біздің бригада жеткен кезде оның қайтыс болғанын анықтаған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Кейін мәйітханаға жеткізілген, - Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы директорының орынбасары Жайнагүл Ілиясова.

Оқи отырыңыз:БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды


Новости партнеров