Павлодар облысында орналасқан колониялардың бірінде жазасын өтеп жатқан азамат отбасына арнап бетперде тігуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұбайы мен қызының қауіпсіздігін ойлаған сотталушы өзі тіккен алғашқы 20 шақты масканы жанұясына жіберуді ұйғарған. Ол үшін азамат мекеменің әкімшілігіне жалақысының есебінен маска алып, оны жақындарына жіберуге өтініш жасапты. Ол «коронавируспен күресуге өз үлесін қосқысы келетінін және жанұясын сағынғанын» айтқан. Ұрлық жасағаны үшін түрмеге қамалған ер азаматтың, бостандыққа шығуына бірнеше ай қалыпты. Тігін тігуді ол абақтыда жатып үйренген.
«Коронавиурсқа байланысты маскаға қолымыз жетпей, қиындап кетті. Әкеміз қысыл-таяң кезеңде осындай ерекше сый жасапты. Біз оны қатты жақсы көреміз және асыға күтеміз. Мекеменің әкімшілігіне алғыс айтамыз!» – дейді қызы.