Алматыда коронавирустың таралуына қарсы күреске көмектесетін қайырымдылық қоры құрылды

tamlife.ru
tamlife.ru
Жиналған қаржы мұқтаж жандарға қорғаныс құралдары мен қажетті бұйымдар сатып алуға жұмсалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға көмектесу туралы кәсіпкерлер мен қарапайым қазақстандықтардан келіп түскен өтініштерге байланысты, «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, кіріс қаражаты осы қордың есебінде жинақталады. Жиналған қаржы көмекке мұқтаж жандарға – әлеуметтік аз қамтылғандар, қарттар, мүгедектер және басқа да санаттағы азаматтарға жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік  пен негізгі қажетті бұйымдарды сатып алуға жұмсалады.

«Жаңа Алатау» қоғамдық қорына хабарласып, көмек қолын созғысы келетін азаматтар үшін төменде қордың реквизиттері ұсынылған:

РНН 600300567791

БИН 080740011034

ИИК №KZ826010131000165601

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX КБЕ 18 КНП 119

Телефон: 8 (727) 396-7420

Жетекші – Балабеков Айдар Бүйтағалыұлы

ЖСН 710315301396

Новости партнеров