Алматы қаласы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті
Фото Almaty.tv
Алып шаһарда қураған 500 мың ағаш кесіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында алып шаһарда қанша ағаш отырғызылатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Алматыдағы қураған 500 мың ағаш кесіліп, орнына 3 жылда миллион көшет отырғызылады. Қазір қалада 2 миллион 200 мың жасыл желек бар», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, қала басшысы шағын және орта бизнеске алдағы уақытта қанша қаржы бөлінетінін тілге тиек етті.
«Шағын және орта кәсіпті жеңілдетілген пайызбен қаржыландыруға 2 миллиард теңге бөлінді. Келесі жылы несие көлемі 10 миллиард теңгеге дейін артады», - деді Сағынтаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
25.11.2026 09:40
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
25.11.2026 10:20