Арыс тұрғындары үшін 3 лагерь құрылды

Төтенше жағдайды Ө.Шөкеев өз қолына алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасымен тұрғындар Ақдала бұрылысы, 41 разъезд, Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған 3 бағыт бойынша әскери көліктер, КАМАЗ-дар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Аурухана сынды әлеуметтік нысандарды полиция қызметкерлері көшіруде.

«Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде», – дейді облыстық баспасөз қызметі.


Новости партнеров