Іле Алатау ұлттық табиғи паркіне кіретіндер кептеліске тап болды

Іле Алатау ұлттық табиғи паркіне кіретіндер кептеліске тап болды
Былтыр Алматының тау бөктеріне 120 мың демалушы келіп, бекеттегі бақылаушыларға 52 миллион теңге төлеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Демалыстың құны қанша? Өткен жексенбіде Іле Алатау ұлттық табиғи паркіне кіру үшін келген көліктерден бір шақырым кептеліс пайда болды. Төлем қолма-қол жүргізілетіндіктен парк қызметкерлері ақша алып үлгере алмай жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізде болса, тамыз айынан бастап автоматтандырылған форматқа көшу туралы тапсырма берген болатын Алматы қаласының әкімі. Бірақ әзірге парк қызметкерлері бұл тапсырманы орындауға асығар емес.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша бар гәп пилоттық режимде жұмыс істеп тұрған терминалдарда. Интернеттің нашар болуынан екеуі де жарамсыз. Ал кассалық аппарат түбіртек шығарып үлгермей жатқан көрінеді.

«Терминал... Мұнда байланыс нашар болғандықтан, интернет ұстамай жатыр. Кептеліс содан болып жатыр. Бізде онлайн кассалық аппараты бар. Соның өзінен чек шығарып үлгере алмай жатырмыз», – деді «Іле алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» РММ бақылаушы инспекторы Самат МЕШЕЛОВ.

Тау бөктерінде демалысын өткізгісі келгендер амалдың жоқтығынан кептелісте тұруға мәжбүр. Электронды жүйемен төлеуге болатынын бірі білсе, бірі мүлде естімепті. 

 

Айта кетейік, былтыр Алматының тау бөктеріне 120 мың демалушы келіп, бекеттегі бақылаушыларға 52 миллион теңге төлеген. Қазір адам басына ұлттық паркке кіру құны 452 теңге 50 тиын.

Новости партнеров