|
Оқиғалар
19.08.2019 | 14:25

Ақтөбеде қызын зорлады деген күдікті әке іздестіріліп жатыр

Аса ауыр қылмыс жасап, кейін оқиға орнынан кетіп қалған

Ақтөбеде қызын зорлады деген күдікті әке іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде қызын зорлады деген күдікке іліккен 36 жастағы Ермек Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық криминалдық полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке іліккен Ермек Ахметовты әлі іздеп жатыр. 2019 жылдың 27 ақпаны күні күдікті Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі пәтерінде кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған. Аса ауыр қылмыс жасап, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.

«Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу басталды. Ал күдікті Ермек Ахметовке халықарылық іздеу жарияланды. Шымкенттен көрген деген ақпаратты полиция терсеріп жатыр. Бойы – 170-175 см. Ол қазір сақал-мұрт өсіріп те жіберуі мүмкін. Ақпарат білген адамдардың кез келген полиция бөлімшесіне хабар беруін сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.