Ішкі нарықты газбен қамтуға басымдық беріледі

inform.kz
inform.kz
Тауарлық газ өндіру көлемі 21,1 млрд текше метрге жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тауарлық газ өндіру көлемі 21,1 млрд текше метрге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биыл қаңтар-қыркүйекте газ өндіру көлемі 39,4 млрд текше метр газды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы тиісті кезеңге қарағанда 100,6 пайыз болды. Тауарлық газ өндіру көлемі 21,1 млрд текше метрге жетті, бұл жоспарлы көрсеткіштен 6,6%-ға артық. Тауарлық газды ішкі тұтыну 12,7 млрд текше метрді құрады», - деді Б. Ақшолақов.

Оның айтуынша, газ экспорты 4,6 млрд текше метрге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 66,7% болды.

«Атап айтқанда, экспорттан бұрын ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету басымдық беріліп отыр. Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,27 млн тоннаны құрады», - деді министр.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Новости партнеров