|
01.03.2024 | 12:25
1177

Қазақстан - біздің құтты мекеніміз

Мелекет басшысы қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтап, береке мен бірлік тіледі

Қазақстан - біздің құтты мекеніміз assembly.kz

Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілісінде 1 наурызды Алғыс айту күні деп бекітілді, деп  хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Бұл күн - қазақтың бауырмалдығы мен достастығының, қонақжайлы екенінің символы. Республикамызда тұратын 130-дан аса ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті, бір шаңырақтың баласындай берекенің ұйтқысы болып отыр.

Достықтың, толеранттылықтың, мемлекеттік саясаттың жолын жалғастыру үшін ел Президенті Қазақстан халқына түрлі іс-шараға қатысуға, мемлекеттің әлеуметтік құрамын дамытуға көмектесетін заңдар мен нормативтік актілерді ұсынып, бекітті.

Осылайша, 1 наурыз Қазақстанда алғыс айту күні деп жарияланды.

Мелекет басшысы қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтап, береке мен бірлік тіледі.

Бұл күні Алматы қаласының аудандарында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұлт пен ұлыс өкілдері бір біріне алғыс айтады.

Сонымен қатар 1 наурызда мектептерде ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өтеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі насихатталып, тарихынан сыр шертіледі. Бұл күні оқушылар ұлттық киім киеді. Ұстаздардың айтуынша, мұндай әдіс өскелең ұрпақтың бойына қазақтың дархан көңілі мен ұлтқа ғана тән ұлылығын сіңіреді.   

Оқи отырыңыз:  Елімізде қанша Наурыз бен Көктем тұрады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир