Қазақстанда кепілге қойылған үйлер мен көліктер сатылымға шықты

Сайтта сатылымға қойылған мүліктердің толық тізімі жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда тұрғындардың кепілге қойылған мүліктерінің сатылымы басталды. Ұсынылып отырған тізімнен қазақстандықтар тұрғын үй және коммерциялық алаңдар мен автомобильдер таба алады, деп хабарлайды «Мәселелі несиелер қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада қордың негізгі мақсаты активтерді экономикалық айналымға шығару болып табылатыны жазылған. Қор қалыптастырған активтер тізіміне 1,5 мыңға жуық нысан кірді.

Сатылым кезінде сатылатын мүлік еліміздің әр өңірінде орналасқан. Жылжымайтын мүлік арасында жер учаскелерін, ғимараттар мен ғимараттар кешенін, сондай-ақ коммерциялық алаңдарды табуға болады.

Жылжымайтын мүлік қатарына жеңіл автомобильдер, жүк машиналары мен профильді мақсаттағы арнайы техника, сондай-ақ жабдықтар кірді.

Сатылымға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізімінің веб-порталына тіркелу қажет. Қазіргі уақытта 50-ден астам нысан сатылды.

Бұдан бөлек, сайтта сатылымға қойылған мүліктердің толық тізімі жарияланды.


Новости партнеров