|
16.07.2019 | 14:04
2461

Құрбан айтқа демалыс берілмейді

Биыл мереке күнін қосқанда, тамыз айының он күні – демалыс

Құрбан айтқа демалыс берілмейді

Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, жексенбіге түсіп тұр. Ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир