Екіншісінің денесі әлі табылған жоқ
Атырауда тағы екі жеткіншек суға кетті. Олар Бесікті ауылы тұсындағы шомылуға рұқсат етілмеген жерде демалмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
14 жастағы жасөспірімнің денесін туыстары шығарып алған. Ал екіншісінің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 11 жеке құрамы мен 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік ережелерін бала түгілі, ересектер де елей бермейді. Соның салдарынан биыл өңірде 20 адам ажал құшқан.
– Оқиға орнына жеткен кезде жергілікті тұрғындардың құтқарып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 150 метр жерде 1 баланың денесі судан табылып, құтқарушылар судан шығарды. Екінші баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр. ТЖД қызметкерлері ғана емес, полицияда қызметкерлері де келді. Полиция департаменті қызметкері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ Утенов.
Оқи отырыңыз: Қызылордада жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды