Шоколодтың ішіне ақша салып, әйелдерге таратқан жігіт елді қуантты (ВИДЕО)
Шоколодтың ішінде ақша бар екенін білмеген келіншектер шоколад үшін де қуанып, алғыстарын айтқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық азамат шоколад қаптамасының ішіне ақша салып, егде жастағы әйелдерге таратып жүр. Бұл видео әлеуметтік желідегі парақшаларда тарап кетті, деп жазады NUR.KZ.
Видеода бес шоколадтың ішіне ақша салған азамат оны көшедегі әжелер мен аула тазалаушы әйелдерге таратқан.
Ол қала тұрғындарына сыйлықты тек өздері ашуды ғана ұсыныпты. Ал ішінде ақша бар екенін білмеген келіншектер шоколад үшін де қуанып, алғыстарын айтқан.
Бұл челенджді желі қолданушылары да қолдап отыр. Олар өзгелерге бақыт пен қуаныш сыйлау үшін өз ақшасын аямаған жомарт жанға алғысын білдіруде.
«Алла разы болсын», «Сауапты іс», «Басқаларға үлгі болса екен», «Өте жақсы іс, жарайсың», - деп жазған олар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34