Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов жұртшылықпен ашық диалог жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдары мен қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.
Саян Ахметжанов іс-шараны аша отырып, оның сапарының негізгі мақсаты мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілетін халықтың проблемалық мәселелерін шешу болып табылатынын атап өтті.
"Өкінішке орай, Алматыда қала тұрғындарын толғандыратын және олардың тарапынан сын тудыратын 6 негізгі сала анықталды. Бұл-денсаулық сақтау мен білім беру, экология, жер қатынастары, экономика мен қаржы, құрылыс пен тұрғын үй салалары, сондай-ақ фискалдық сала болып табылады. Оларды жою және азаматтардың әлеуметтік көңіл - күйін жақсарту үшін біз жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз қажет", - деп Саян Ахметжанов атап өтті.
Өз кезегінде қоғам өкілдері өз пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бастамаланған жаңа тәсілдерді қолдады.
"Азаматтық институттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қуатты ресурс болып табылады, олар мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нақты тиімділігі туралы сенімді ақпараттың түсуін қамтамасыз етуге және билік пен қоғам арасындағы кері байланыс тетігін қолдауға қабілетті. Біз өз тарапымыздан алдын ала жұмыс істейтін, тыңдайтын, халықтың түрлі проблемаларының алдын алатын қадамдар жасайтын боламыз", - деп Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы Алтынай Көбеева бөлісті.
Соңында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеуде өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.