Пойыз билетінің бағасы қымбаттайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңа тариф 1 қазаннан күшіне енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайды. Жаңа тариф 1 қазаннан күшіне енеді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құны өзгерген жолақысы тамыздың ортасынан сатыла бастайды. «Тальгоның» бағасы шамамен 19 493 теңге, плацкарт – 12 871 теңге. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңге деп белгіленген. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа өзгеріс теміржолдағы жағдайды жақсартуға бағытталған. Мұнымен қоса, вагон паркін жаңарту, қызмет сервисін жақсарту және жұмысшылардың жалақысын көтеруге жұмсалмақ.  

– Вагондардың санын арттыру туралы айтып кету керек. Жыл сайын елімізде жаңа вагондардың саны артып келеді, 2667 вагон бар. Олар 44 пайыз тозған.  Бұл жоғары көрсеткіш. Сондықтан оларды жаңартып отыру керек, – деді ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Новости партнеров