Алматыда көпбалалы отбасылардан баспанаға өтініш қабылдау басталды

Алматыда көпбалалы отбасылардан баспанаға өтініш қабылдау басталды
Бағдарламаға коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бүгіннен бастап «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тапсырылатын құжаттардың тізімі мен өтінім беру жолдары bakittiotbasi.kz сайтында көрсетілген. Бағдарламаға коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Негізгі шарттары:

– «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қарызы 15 млн теңгеге дейін;

– Алғашқы жарна - үй құнының 10%;

– Несиенің проценттік ставкасы  - жылына 2%;

– Баспана жаңа салынған болуы тиіс;

– Өтінішті портал арқылы беруге болады. Ол үшін адамда электрондық цифрлы қолтаңба болуы шарт.

– Баспананы қатысушылар өздері таңдай алады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалады.

Айта кетсек, мемлекет басшысы жаңа «Әлеуметтік қамқорлық» шараларында көпбалалы отбасыларға қолдауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталған еді. Бүгін аудандық «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

«Қазіргі таңда осы әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасы балаларына жәрдемақы көбейту мәселесі және мүгедек балаларға төленетін жәрдемақының қаражаты көбейіп қазіргі таңда көптеген отбасыларына осындай керемет жаңалықтар ұсынылып жатыр. Қазіргі таңда біздің мектепте 2895 оқушы білім алуда. Соның ішінде, 210-нан аса оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр», – деді №169 мектеп-лицейінің директоры Гүлжан БЕКЕНОВА.

Новости партнеров