Қызылордадағы жарылыс: екі бала санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәрігерлер «жасөспірімдердің жағдайы әлі де ауыр» дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысындағы жеке тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер «жасөспірімдердің жағдайы әлі де ауыр» дейді. Оқыс оқиға 28 шілдеде сағат 20:00 шамасында болған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, тұрғын үй жарамсыз күйге түскен. Салдарынан екі ұл және екі қыз баланы күйік шалған. Зардап шеккен жасөспірімдер алдымен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Денелерінің 75 пайызға жуығын күйік шалған екі жасөспірімге Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом шараларын жүргізеді. Қос жеткіншектің ахуалы тікелей Денсаулық сақтау министрінің бақылауында. Ведомство басшысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Екі ұл, екі қыз газ жарылысынан күйік жарақатымен түсті. Төртеуінің жарақаты терең. Әсіресе басы көп күйген, – деді облыстық балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Олжас Құрбанбаев.

Оқи отырыңыз: Менингококк: Маңғыстауда бір бала көз жұмған

Новости партнеров