|
23.04.2019 | 13:48
5392

Назарбаев «Nur Otan» съезінде көзіне жас алды (видео)

Елбасы Қазақстанның тағы бір маңызды кезең алдында тұрғанын атап өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев көзіне жас алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өз сөзінде Елбасы Қазақстан тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұрғанын атап өтті.

«Құрметті отандастар, қадірлі партиялық әріптестер, бүгінгі басқосуға себеп болған басты мәселені қарап, бір шешімге келдік. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін шын алғысымды білдіремін. «Nur Otan» - көш бастап келе жатқан ең ірі саяси ұйым.

Біздің мақсатымыз - ел тұрғындарының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Әлем елдерімен салыстырғанда, біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын әрі оңай. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бізге бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда кертартпаларға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз», - деді Елбасы.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі аяқталып, Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні орындалған сәтте Елбасы көзіне жас алды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир