Алматыда робот техникасы бойынша халықаралық жарыс өтеді
Жарысқа ҚР бойынша 16 облыстан және Бішкек, Душанбе, Ташкент қалаларынан 266-дан аса команда қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласында 7-9 қаңтар аралығында Оқушылар сарайында цифрландыру аясында робот техникасы бойынша халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Білім басқармасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен өтетін іс-шараға білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысады. Жарыстың ресми интернет-сайты: kirc.kz.
Жарыс келесі санаттар бойынша өткізіледі:
- VEX EDR, VEX IQ.
- Бірінші лига LEGO (FLL).
- MAKEX.
- Дүниежүзілік дрондар олимпиадасы.
- Үлкен саяхат.
- Робо СУМО.
Жарысқа ҚР бойынша 16 облыстан және Бішкек, Душанбе, Ташкент қалаларынан 266-дан аса команда қатысады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33