Жетісу облысының тұрғыны алтын балық ұстады

elements.envato.com
elements.envato.com
Тергеу жұмысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында заңсыз балық  аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Табиғатты қорғау полициясының мәліметінше, Қаратал ауданының тұрғыны 400 келі балықты ешбір рұқсат қағазынсыз тасымалдау барысында қолға түскен.  Алдын ала болжам бойынша, мемлекетке 3 миллион теңге шығын келтіріліпті.

- Полициямен рейдтік іс-шара жүргізу барысында заңсыз  балық тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғыны ұсталды. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті құжаты жоқ 400 келі балық анықталып, аталған дерек бойынша жиналған іс құжаттар, процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш -Алакөл инспекциясына жолданғанын хабарлаймыз, - дейді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Халықова.

Оқи отырыңыз: Қайтыс болған әжесінің атынан зейнетақы алып келген ақмолалық сотталды

Новости партнеров