Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр. Жолшылар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 34-шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су өткізетін құбырларды тазалау жұмыстары түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажетті техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ.
Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылуда.
Бүгінде тасқын қауіпі жоқ болса да, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.
Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: 8 облыстың 15 жол учаскесі жабылды