Қырғызстаннан келген бір топ хирург мамандар еліміздегі әуе апатынан жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы Қырғыз елінің бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді. Бішкек травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сабырбек Жұмабеков ұшақ апатынан омыртқасына қатты зақым келген жолаушылардың біріне Алматыда ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәрігердің өзі отаның сәтті аяқталғанын айтады. Алматы маңындағы қайғылы оқиғадан жапа шеккендердің арасында қырғыз тумасы да болған. Оның жағдайы қазір тұрақты.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта жарақаттанған 7 адамның халі нашар. 42-сінің жағдайы қалыпты ауыр. Дәрігерлердің болжамына сай, науқастардың беті бері қарап келеді. Естерін жиғанымен, шошып қалған. Жапа шеккендер мен олардың туыстарына психиологтар көмектесіп жатыр. Жалпы әуе апатынан 67 адам жарақат алған, 49-ы стационарларға жедел жеткізілді. Оның 9-ы бала. 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.