Алматыда видеомониторинг жүйесінің қосымша 1000 камерасы орнатылады

Алматыда видеомониторинг жүйесінің қосымша 1000 камерасы орнатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шаралары туралы хабарлады.Биылғы жылдың соңына дейін 600 видеокамера, ал 2020 жылы тағы 400–і орнатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Зияткерлік жүйе видеосараптама жасаумен қатар адамдар көп жиналатын орындарға мониторинг жүргізеді және қаланың барлық басты объектілерін қамтиды. Бұл - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды тетіктердің бірі.

Бұдан өзге, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-офистер ашылады. Мұнда келушілерге ХҚКО принципі бойынша жайлы жағдайда қызметтер көрсетіледі. Биылғы жылы сел қауіпін төмендету үшін Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде мониторинг жүргізетін 10 автоматтаныдырлған станциялардың құрылыстары басталды.

Сағынтаев сел қаупі бар объектілерге мониторинг жүргізетін жоспарланған барлық станциялардың құрылыстарын жедел әрі қарқынды жүргізуді тапсырды. 

Новости партнеров