Алматы облысының тұрғыны әйелінен қорқып, полицияға "тоналдым" деп хабар берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 ақпанда Талғар ауданының полициясына Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны келіп, тоналғаны туралы айтқан. Кейін ер адам тәртіп сақшыларына қайта барып, отбасылық бюджеттен ойын автоматтарына шағын соманы жұмсап, жұбайымен жанжалдаспау үшін тонау туралы оқиғаны ойластырғанын мойындаған.
«Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы («Көрінеу жалған сөз жеткізу») бойынша іс қозғалды. Осы бап бойынша күдіктіге қатысты екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады» , - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.