Бауыр - ас қорыту жүйесіндегі маңызды органдардың бірі. Организмді токсиндер мен зиянды заттардан қорғайды. Бауырдың жақсы жұмыс істеуіне әсер ететін пайдалы тағамдар тізімін Baq.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл орган қоректік заттарды энергияға айналдырады, ал қажет емес заттарды сүзіп алып қалады. Адамның өмір салтына байланысты көпшілік дұрыс тамақтанбай жатады. Дұрыс тамақтанбай, күйзеліс, компьютер алдында күні бойы жұмыс істеу барлығы кері әсерін тигізбей қоймайды. Мамандар егер адам төменде аталған өнімдерді күнделікті қолданып жүрсе, бауырдың жұмысын қалына келтіруге көмектеседі дейді.
Сарымсақ. Оның құрамында аллицин бар. Бұл зат сарымсаққа тән иіс пен дәм береді, гепатопротектор ретінде әрекет етеді. Сарымсақ ағзаға енгеннен кейін ферменттер деңгейі (глутатион пероксидаза және каталаза) жоғарылайды. Бұл заттар бауыр тіндерінің мерзімінен бұрын бұзылуына және қартаюына жол бермейді, сонымен қатар күшті антиоксиданттық әсерге ие.
Көк шай. Ондағы кофеин холеретикалық әсерге ие және метаболизмді жақсартады. Диуретикалық әсері бар жасыл шай бауырдан қосымша жүктемені түсіріп, бүйрек арқылы зиянды заттарды шығарады.
Көкөністер мен көктерде колория аз, бірақ ең көп қоректік заттар, дәрумендер мен минералдар бар. Өсімдік жасұнығы ішек денсаулығы үшін өте пайдалы. Ол ағзаны шлактардан тазартуға және уыттарды шығаруға көмектеседі. Көкөністің көпшілігінде кездесетін гепатоциттер бауыр жасушалары үшін құрылыс материалы іспеттес, бұл органның жаңаруына және қалпына келуіне ықпал етеді.
Асқабақ. Бауыр жасушаларының мембраналарының қалпына келуін тездететін пектин, рибофлавин, бета-каротин және ниацин бар. Қызылша талшығы термиялық өңдеу кезінде жойылмайды. Бұл «жаман» холестерин концентрациясын төмендетуге көмектеседі және бауырға қажет В дәруменімен қамтамасыз етіді.
Науқан кезінде қауынды көптеп пайдалану керек. Ол бауырдың май басып кетуіне жол бермей, майлы талшықты гепатоздың дамуын тоқтата алады.
Диетолог Мила Микитюк РИА Новостиге берген сұхбатында авокадо, жаңғақтар, жемістерді (алма, алмұрт, лимон, апельсин) және көкөністерді (баклажан (баялды), қызанақ, қоңыр бұрыш), балдыркөк, ақжелкен, аскөкті тағамға көп қосуға кеңес берді.