Жеңімпаздарды кәсіби қазылар алқасы анықтады
Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева V Жастар театр форумының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуда 9 елдің сала мамандары халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мәселелерін талқыға салды. Ведомство басшысы сондай-ақ заманауи театр өнерін насихаттап жүргендерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, Жастар театр форумында ТМД, Балтық және Грузия елдерінен келген режиссерлердің қойылымы сахналанды. Жеңімпаздарды кәсіби қазылар алқасы анықтады.
– Әділ қазылар алқасында жүріп, ерекше қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік алдым. Жастардың батылдығын атап өткім келеді. Мұндай жиын, форумдардың маңызы зор. Шеберлікті арттыруға әсер етеді, – деді «Читен» жапон театрының көркемдік жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Мотои Миура.
Оқи отырыңыз: Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды