Елорда күніне орай Алматыда жәрмеңке өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Оны Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығы ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда күніне орай Алматының Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығы жәрмеңке ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Істің ыңғайын таба білген көпбалалы аналар өздері қолдан жасаған бұйымдарын  көпке ұсынды. Қолөнер заттарының ішінде киім, тақиял және қыштан жасалған ыдыс бар. Айта кету керек, Медеу ауданындағы іскер әйелдер мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлік курсын оқып, 25 ана «Бизнес-Бастау», ал 4 ана инновациялық грант иеленген.

«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жұмыс істеймін деген, өз кәсібін дөңгелетемін деген аналарға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Бүгінгі іс-шарамыз Медеу аудандық әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Осы орынды бізге Медеу ауданы әкімдігі ай сайын қолдануға беріп отыр», – деді Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Толқын Сәметова.

Новости партнеров