Ақтөбеде 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келіпті

Ақтөбеде 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келіпті
Оқиға 14 наурыз күні қыз ауырып, ауыл дәрігеріне қаралған кезде ғана белгілі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысындағы ауылдық округте 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келген. Жантүршігерлік жағдай ауылдағы шаруа қожалығында болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жасөспірімге жасалған қорлық таяуда ғана анықталған. Оған қыздың іші ауырып медпунктке қаралуы себеп болған. Сол тексеріс кезінде қыз бар шындықты жылап отырып дәрігерге айтып берген.

«Бұл жағдай 14 наурыз күні бала ауылдық медпунктқа келген кезде белгілі болған. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті деп танылған өгей әкесі қамауда отыр», - дейді ауылдық округ әкімі Ұлан Жаналин.

Облыстық Полиция департаментің мәліметінше, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 120 бабы, төртінші тармағы бойынша іс қозғалды», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ауыл әкімінің айтуынша, қыз бала қазір интернатқа орналастырылыпты. 

Новости партнеров