Түркістан облысында қыздарға қорлық көрсеткен өгей шеше үй қамаққа алынды

Түркістан облысында қыздарға қорлық көрсеткен өгей шеше үй қамаққа алынды
Шешім шығару кезінде бірнеше фактор ескерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалың елдің жағасын ұстатқан Жетісайлық өгей ана үй қамағына алынды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екі ай бойы күдікті сотқа дейінгі тергеу органдарына үйінен қатынайтын болады. Аудандық сотта санкция беру мәселесін қараған судья осындай шешімді әйелдің бір жарым жасар баласы бар екенін ескеріп қабылдаған.

«Қылмыстық қудалау органдарының Көбееваға бұрын сотты болмағаны, Көбееваның тұрақты мекенжайы бары, асыранды екі жасқа толмаған баласы бары, сонымен бірге, күдікті Көбеева екінші перзентіне жүктілігі 30 апталық екені, осы уақытқа дейін қандай да бір процестік мәжбүрлеу немесе бұлтартпау шарасы қолданылмағаны, тергеуге кедергі жасамағаны, қоғамға қауіпті емес екендігін назарға алып, тергеу судьясымен Жұлдыз Пернебайқызы Көбееваға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікпен ұстау бұлтартпау шарасы қолдануды санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды», - деді Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының судьясы Мұхтар ЖОЛДАСБЕКОВ.

Судьяның айтуынша, Жұлдыз Көбеева Қылмыстық кодекстің «Азаптау» және «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен айыпталған. Ол өзімен бірге тұрған 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген күдікке ілініп отыр.


Новости партнеров