АЭС: жобадағы «атом» деген сөзден көпшілік сескенеді - Асуан Сиябеков

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Сондықтан маман екеуінің аражігін ажыратып алған жөн екенін жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға АЭС бейбіт мақсатта қажет. Оны біз энергия өндіру жолында ғана қолданамыз. АЭС-тің жетекші инженері Асуан Сиябеков бұл жобадағы «атом» деген сөзден көпшілік сескенетінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша Семей полигонында болған апатты осы жобамен шатастырып алатындар бар. Сондықтан маман екеуінің аражігін ажыратып алған жөн екенін жеткізді.

– Қазақстандағы генерациялаушы жабдықтардың тозу деңгейі 70 пайыздан асып кетті. Электр желілерінің тозуы да бар. Оған мысал ретінде былтырғы, алдыңғы жылғы апаттық жағдайларды еске алса болады. Сол себепті де базалық генерациялық көзі керек, – деді  Қазақстандық АЭС» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков.

Асуан Сиябековтың айтуынша, заманауи талаптарға сай өндіріс ошақтары табиғатқа кесірін тигізбей жұмыс істеуі керек. Ал АЭС осы талаптарға сай келеді. Оның үстіне, тоқтаусыз энергия өндіретін орындардың бірі болмақ. Сонымен қатар егер АЭС салынса, жарыққа төлейтін тариф қымбаттамайды. Энергия тапшылығы да шешіледі.

– АЭС-тың құрылысы – бұл бағыттағы біздің алғашқы қадам. Егер энергия өзімізде өндірілсе, тәуелділіктен арыламыз. Басқа да өндіріс орындарын ашып, экономиканы дамытуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар ғылым мен технологияның алға жылжуына жол ашылады, – деді «Қазақстандық АЭС» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин.

Оқи отырыңыз: Көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының тиімділігі төмен - сарапшы




Новости партнеров