Кездесуде еліміздің Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы жасалды
Елімізде көлік дәлізінің әлеуеті артып келеді. Қазақстан арқылы солтүстіктен оңтүстікке қатынау жеңілдемек. Аталмыш бағытты дамыту үшін арнайы жоба жасақталып, күні кеше маңызды құжатқа қол қойылды. Нақтырақ айтсақ Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Ақтауда «Солтүстік-Оңтүстік» бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуде еліміздің Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы жасалды. Осы құжаттың негізінде 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 15 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Аталған форумға 12 елден 440-тан астам өкіл қатысқан. Олардың басым бөлігі – экономикалық ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшесі. Жиынға келгендер теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамытудың өзекті мәселелерін талқыға салды.
– Жаңа көлік дәлізі бұл «Солтүстік-Оңтүстік» деп аталады. Ол – Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Түркіменстан ары қарай Иран, Пәкістан арқылы мұхитқа шығу жолы. Біріншіден, соңғы 1,5 жылдан бері «көлік дәлізін қалай дамытамыз?» деп арнайы жол картасын әзірледік. Бүгін сол келісімшартқа қол қойдық, – деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласын абаттандырудың жаңа ережелері: мегаполистегі тәртіп үшін кім жауапты