|
24.12.2023 | 14:06
388

Қазақстан құтты мекен: Маңғыстауда екі шетел азаматы босқын мәртебесін алды

Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады

Қазақстан құтты мекен: Маңғыстауда екі шетел азаматы босқын мәртебесін алды

Маңғыстау облысында биыл 4 пана іздеуші және 2 босқын мәртебесін алған шетел азаматы  тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.


Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады. Мәртебе 1 жылға ғана беріледі. Ал оның ары қарай созылуын арнайы комиссия қарастырады.


- Босқын мәртебесін және пана іздеуші статусын алған азаматтарға Қазақстан аумағында белігілі бір заңнамамен белгіленген жеңілдіктер бар. Олардың жұмыс істеуіне, еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктері қарастырылған, - деді Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.


Айта кетсек биыл өңірге үш мыңға жуық қандас көшіп келген.

Оқи отырыңыз: Шаңғы акробатикасы бойынша әлем кубогінің кезеңі «Шымбұлақта» өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир