|
26.08.2019 | 19:24
5287

Алмалы ауданының полицейлері көше бойында тексеріс өткізді

Рейд барысында 13 жүргізушіге хаттама толытырылып, 7 алматылықтың жеке басы анықталды

Алмалы ауданының полицейлері көше бойында тексеріс өткізді Almaty.tv

Тәртіпке бас иген құл болмайды. Алмалы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицейлер арнайы тексеріс ұйымдастырды. Атап айтқанда, жол бойына көлігін қаңтара салғандар мен кешкі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзғандарға шара қолданылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Пәтерді тәулігіне немесе сағаттап жалға беретіндердің осындай уақытта көше жағалап тұратына бар. Абылай хан даңғылы бойын жағалай орналасқандардың кәсібінің заңды екенін, жеке басын анықтау үшін тәртіп сақшылары оларды басқармаға алып келді.

«Абылай хан даңғылы бойынша пәтерді тәуліктік жалға беру мақсатында тұрған 17 азаматты Алмалы ауданының басқармасына жеткізіліп, оның 13-іне хаттама толтырылып, ҚР салық кодексінің талаптарына сай екенін тексеру мақсатында Салық комитетіне хабарлама жіберілді», – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ ЖПҚ басшысы Серік ҚУМАБЕКОВ.

Аудандық полиция басқармасында олардың жеке басы анықталып, пайда тауып жүрген кәсібі расталған соң құзырлылар оларды үйлеріне қайтарып, қайта жолға шықты. Ендігі мақсат заңды жалпағынан басқан тізгіншілерді анықтау. Көп ұзамай кезекпен кезек ұсталып жатты. Кейбірінің темір тұлпары айып тұрағына әкетілді.

Алмалы ауданының әкімдігі мен жергілік полиция қызметінің бірлескен шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Елбасының тарсырған «мүлде төзбеу» режимін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған рейд барысында 13 жүргізушіге хаттама толытырылды. Пәтерді жалға беретін 17 азаматтың кәсібінің заңды екені тексеріліп, 7 алматылықтың жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары өз кезегінде тұрғындардың тыныштығын бұзған алматылықтарға дереу шара қолданылатынын жетекізді.  


Азамат Әуезхан, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир