«Алматы қала жарықты» коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Компанияның жекеменшікте болуы стратегиялық әрі мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімдігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алматы қала жарық» компаниясын коммуналдық меншікке қайтаруға қатысты жұмыс атқарып жатыр. Өйткені, компанияның жекеменшікте болуы стратегиялық әрі мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Алматы қала жарық» шаһардың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандыру және орталықтандыру қызметтеріне жауап береді.  

«2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» компаниясы жүзеге асырылды. ABM group жеңімпаз деп танылды. Мәміле сомасы 4,6 млрд теңгені құрады, ал бағалау құны – 14,8 млрд теңге. Агенттік бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екенін анықтады», - деді «Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы» МКМ басшысының орынбасары Жантөре Айтжанов.

Новости партнеров