|
06.08.2019 | 17:39
2804

Алмалы ауданы әкімі Бекқали Торғаев тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады

Тек екі күннің ішінде аудан әкімі Бекқали Торғаевқа 30 дан аса шағым түскен

Алмалы ауданы әкімі Бекқали Торғаев тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады

Пәтер иелері кооперативінің жұмысы – көріктендіру мен тіркеу. Алматының Алмалы ауданы тұрғындарын осы мәселелер қатты алаңдатады. Тек екі күннің ішінде аудан әкімі Бекқали Торғаевқа 30 дан аса шағым түскен. Бүгін қалалық бірнеше басқармалар мен аудан басшылары тұрғындарды жеке-жеке қабылдап арыз-шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әр салаға қатысты сауалдарға тиісті мамандар кеңес берді. Бұдан былай мұндай жүздесулер әр аптаның дүйсенбі және сейсенбі күндері ұйымдастырылып тұрмақ.

«Негізі, уақытша тіркеудемін. Әкімге кірген кезде маған мәселені шешуге болады деп айтты. Яғни, 5 жылдан кейін атыңызда ештеңе болмаса, сіз тіркеуге тұра аласыз деді. Мен ол кісіге сол үшін жолықпақпын. Туыстарымызға тұрайық десек, тіркеуде тұрған адам өте көп», – деді тұрғындардың бірі Гүлназ САРБАЕВА.

«Бұл қала әкімінің бекіткен жоспарына байланысты кестеге сай. Бүгін біздің екінші кездесуіміз. Басқарма басшыларымен бірге мұндай кездесулер аудан бойынша төрт рет өтеді. Бұл жұртқа да, тұрғындарға, барлық келушілерге ыңғайлы. Кездесу басталар алдында біз интернет ресурстарымызға, әлеуметтік желілерге кестемізді қойған болатынбыз», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир