Үкімет басшысы аталған нысан жұмысымен танысты
СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 80 пайызға толып тұр. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірге іс-сапары аясында аталған нысанды өз көзімен көріп, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір су торабының толу деңгейі қалыпты және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен су қоймасы орналасқан аумақта саяжайлардың барын ескеріп, Премьер-министр жауаптыларға тиісті тапсырма берді.
– Еліміз бойынша су тасқыны болып жатыр. Сондықтан жеке құрам, техника барлығы жұмылдырылды. Бірақ жағдай күрделі. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Сондықтан СҚО-да нақты іс-шара қабылдау керек, – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Қарғын су: Қояндыдағы тұрғындар далада қонуға мәжбүр