|
29.06.2024 | 14:24
1533

Министр Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Журналистерге ведомстволық және мемлекеттік наградалар табыс етілді

Министр Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Қазмедиа» орталығында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер қауымын құттықтап, бірқатар сала қызметкеріне «Құрмет» орденін, «Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы» және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли журналистерге ведомстволық және мемлекеттік наградалар табыс етті. 

Ерекше құрметке біздің әріптесіміз де лайықты деп танылды. «Алматы» телеарнасы Бас директорының орынбасары Ильзат Акчурин де  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әріптесімізге толағай табыс тілейміз

- БАҚ өкілдері - қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан осы мемлекетте тұратын әрбір азамат сіздердің жұмыстарыңызды бағалайды, өйткені сіздер арқылы қоғамның көптеген өзекті мәселелері айтылады және бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жандандырып, жетілдіруге ықпал етеді, - деп атап өтті Аида Балаева.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын журналистика ардагері Құдайберген Тұрсын алды. «Құрмет» орденімен «Еуразия» телеарнасының бас тілшісі Абай Балажан марапатталды. Светлана Пенькова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Президентінің алғыс хаты «Informburo.kz» тілшісі Әйгерім Үмматқа және басқаларға табысталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі: «Алматы» телеарнасы арнайы жүлде иеленді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир