Ауған ардагерлері: дерексіз кеткен 19 қазақстандық табылмады
Almaty.tv
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауған соғысына аттанып, дерексіз кеткен 19 қазақстандық сарбаз әлі іздестіріліп жатыр. Ал тағы екі сарбаздың сүйегі табылып, елге жеткізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған кездесуде ардагерлер заңнамалық деңгейде шешімін таппаған әлеуметтік мәселелерді де көтерді.
– Заңда біз айтқан ұсыныстар ескеріледі деп ойлаймын. Медициналық сақтандыруды алып тастады. Дәрі-дәрмек ала алмайды, – деді Алатау аудандық «Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Айдарбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады
15.09.2026 09:35