Қазақстанда туристік полиция құрылды

Фото пресс-службы МВД РК
Фото пресс-службы МВД РК
Олардың басты міндеті – саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды толғандырған кез келген сауалына жауап беру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда туристік полиция бөлімшесі құрылды дпе хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынған шара.

Туристік тәртіп сақшылардың басты міндеті – саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды толғандырған кез келген сауалына жауап беру.



«Мақсатымыз – етелдік азаматтар көп жүретін жерлерде патруль жасау, кез келген сұрақ бойынша оларға ақыл-кеңес беру, сонымен қатар, қауіпсіздік, туризм жағдайына мониторинг жасау, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - дейді Туристік полицияның аға лейтенанты Динара АСАНОВА.

Туристік бөліністер, бірінші кезекте, шетелдіктер көп келетін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында іске қосылды. Аталған бөлімше қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталатын болады.



«Олар мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс. Сондай-ақ, тез тіл табысып және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігі алқа отырысында Мемлекет басшысы бұл бастаманы жоғары бағалап, еліміздің инвестициялық климатына жақсы әсер ететініне сенім білдірді», - дейді ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Нұрділдә ОРАЗ.


Новости партнеров