|
02.05.2024 | 14:39
178

Маңғыстаудағы түйе шаруа қожалықтарында кене көбейді

Малшылар жануарлар мен қораларды кенеден тазартып үлгермей жатыр

Маңғыстаудағы түйе шаруа қожалықтарында кене көбейді Almaty.tv

Маңғыстаудағы түйе шаруа қожалықтарында кене көбейіп кетті. Салдарынан Түпқараған ауданында 30-ға жуық бота өлген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаруалардың айтуынша, қауіпті зиянкес қуаңшылықтан кейін пайда болған. Биыл жәндіктердің саны әдеттегіден көп көрінеді. Ал малшылар жануарлар мен қораларды кенеден тазартып үлгермей жатыр. Түйелердің жүнін қырқып, өз бетінше улап жүрген азаматтар әзірге нақты нәтиженің болмай жатқанын айтты.

– Бес бота өлді. Зиянкесті улау үшін Үкіметтен көмек сұраймыз, – деді шаруа Есбол Естұрлиев.

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының мәліметіне сүйенсек, шаруалар жылына бір рет малдың жүнін қырқып, паразиттерге қарсы ерітіндіге тоғытуы қажет. Сондай-ақ қораларды дезинфекциялау да аса маңызды. Ал мұндай міндет шаруаларға жүктелген.

– Әр кәсіпкер паразитар ауруларының алдын алуға міндетті. Ал біздің тарапымыздан жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шара жасалады, – деді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.

Оқи отырыңыз: Жетісулық мұғалімдерге үстемақы төленбей келген

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир