Биыл елімізде 120 млн. тонна көмір өндіру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Өндіруші компаниялар ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,3 млн. тонна көмір өндірген. Оның 10,4 млн-ы энергия өндіруші кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тонна көмір жеткізіліпті.
Ал, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн. тонна отын жіберіліп, экспортқа 4,6 млн. тоннасы жөнелтілген.
Елімізде көмір өнеркәсібін дамыту мақсатында өткен жылы «Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілген болатын. Айта кетейік, 120 млн. тонна көмірдің ішкі нарықа 82 млн. тоннасы, экспортқа 38 млн. тоннасы шығарылады.