6 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген шеруге қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеме жасады. Шеруге шыққан кейбіреулер жағдайды ушықтыруға тырысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қолға түскендердің арасында дауыс зорайтқыш, бояу мен түтіндету құтысы барлары да болған. Ал тәртіп сақшылары оларға қарсы мүлдем қару қолданбаған. Қазіргі кезде заңсыз митингке шығуға шақырған екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды,.
«6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өтті. Полицейлерлер оған қатысқан 100-ден астам адамды ұстады. Соның ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылса, 19 адамға әкімшілік шектеу қойылды, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.