|
29.03.2020 | 14:17
9395

Алматыда онлайн түрде тегін үйірмелер мен курстар басталды

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында шығармашылық үйірмелері туралы күнделікті хабар таратылуда

Алматыда онлайн түрде тегін үйірмелер мен курстар басталды @almaty_akimat

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тұрғындардың мәдени өмірін қолдау мақсатымен онлайн режимде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл атындағы жасөспірімдердің қалалық кітапханасы базасында 16 наурыздан бастап кітап оқу мен шолу, тренингтер және шығармашылық үйірмелер туралы күнделікті хабар таратылуда.

С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы базасында оқушыларға арналған «Шахмат академиясы» мен «Физика және математика» онлайн үйірмелерінің көрсетілімі жүруде.

28 наурыздан бастап Almaty Creative шығармашылық үйірмесінің YouTube арнасында тікелей эфирлері басталды. Түрлі техникамен сурет салу бойынша балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын кәсіби көркем білімі мен 10 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар Masterclass.almaty шығармашылық студиясының оқытушылары жүргізеді.

30 наурыздан бастап осы Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында мектеп оқушыларына арналған.

Шығармашылықты дамыту мектебінің оқытушылары жүргізетін «Жеке тұлғаны мәдени мұра арқылы дамыту» онлайн-курсы басталады. Курс қазақ және орыс тілдеріндегі 10 онлайн-тренингтен тұрады. Сабақтарға дәрістерден басқа практикалық жаттығулар да кіреді. Курс бастауыш сынып оқушыларына арналған және шығармашылық пен заманауи оқытудың креативті технологиясын біріктіреді.

Сонымен қатар, 30 наурыздан бастап заманауи өнер туралы білім алаңы онлайн форматта басталады. Үш апта бойы аталған Мектеп қатысушыларына Қазақстан және әлемдік заманауи өнер тарихы, жаңа технологиялар, философия және өнер менеджменті туралы дәрістер қолжетімді болады.

«Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен біз балаларымыз бен жасөспірімдердің мәдени-гуманитарлық дамуы бойынша онлайн жобаларды, сондай-ақ ересектерге арналған пайдалы курстарды жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы уақытта біз вокал, балет, актерлік шеберлікке арналған онлайн-мектептер ашуды жоспарлап отырмыз», — деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген онлайн-шаралардың бәрі тегін және Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында, almatycreative.kz. сайтында қолжетімді. Анонстар мен сабақ кестелері @almaty.creative және @almatymadeniet. аккаунттарына орналастырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир