Қазақстанға жыл сайын тек Өзбекстаннан 2 жарым миллион адам келіп- кетеді. Оның ішінде қандастарымыз да бар. Алайда екі қолға бір күрек іздеп жүргендер саны әлдеқайда басым, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі
Өткен жылы аталған мемлекеттің 60 мыңға жуық азаматы көші-қон Заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Енді олар екі елдің азаматтығын алмас үшін қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық туралы келісім әзірленуде. Оған сәйкес, тараптар ұлттық қауіпсіздікке, экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіретін және криминогендік жағдайдың шиеленісуіне ықпал ететін заңсыз көші-қонға қарсы күрес шараларын бірлесіп жүзеге асыратын болады.
«Келісім қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ерекше орын алады және Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімге сәйкес, Өзбекстан азаматтарының паспорттарын жолдау тәртібі реттелген. Осылайша қандастар ендігіде Өзбекстан елшілігіне барып, паспорттарын тапсыруға және әрбір паспортқа 140 долларға шейін консулдық төлем төлемейді», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚОЖАЕВ.