|
22.02.2019 | 14:19
4155

Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін

Мұндай ұсынысты біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт та ұсынған еді

Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін

Бұл жөнінде бүгін тұрғындар алдында есеп берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Жалпы, мұндай ұсынысты біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт та ұсынған еді.

Ол кезде Мерей Қарт Семей қаласындағы әуежайға «Абай жолы» деген атауды ұсынған болатын. Бүгінде Семей қаласында Абай мен Шәкәрім есімі берілген нысандардың аз емес екенін алға тартқан әкім, қала әуежайына белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың есіміннің лайықты екенін айтты.

«Семейде Абай мұражайы, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Сондай-ақ биыл жыл соңына қарай құрылысы аяқталуы межеленген «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені де болашақта осылардың қатарына қосылмақ. Қала Шәкәрімнің есімінен де кенде емес. Атап айтсам, Шәкәрім университеті, Шәкәрім даңғылы бар. Ендігі кезек ғұлама жазушыларымыздың бірі, осы Семей өңірінің тумасы Мұхтар Әуезов есімінің осы әуежайға берілгені дұрыс болар ма деп ойлаймын. Сондықтан көпшілік тарапынан ұсыныс түссе біз оны қарауға дайынбыз», – деді облыс әкімі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир