Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» әскери оқу-жаттығуы өтті
Almaty.tv
Оқу-жаттығуда арнайы техникалар да сынақтан өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде өтіп жатқан «Батыл тойтарыс – 2022» әскери оқу-жаттығуы Жамбыл облысында да өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жолы оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшесі қатысып, жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады. Оқу-жаттығуда арнайы техникалар да сынақтан өтіп, шешім қабылдау барысында командалық құрамның машығы жетілдірілді.
«Лаңкестермен және басқа да қаруланған күш-құралдармен күрес қазіргі заманда өте маңызды. Сондықтан біз басқа күш-құралдармен бірігіп, өзіміздің іс-қимылымызды арттырып, жұмысымызды шыңдадық», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жедел басқармасының бастығы Нұрлыхан Темірбеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00