Алматыда ең көп сұранысқа ие мамандықтар аталды

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Алматыда жұмыс орындарының қажетті қоры бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда жұмыс орындарының қажетті қоры бар. Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары бос жұмыс орындар саны бойынша көш бастап келеді. Бүгінде слесарь, дәнекерлеуші, темір-бетон құрылымдарын құрастырушы, электрик, жүргізуші, жүк тиеуші, аула сыпырушы, газбен дәнекерлеуші сияқты жұмысшылар кәсіптері аса сұранысқа ие. Сондай-ақ қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне де қажеттілік бар», – деді Диляра Иманқұлова. Оның айтуынша, әсіресе әлеуметтік жұмысқа сұраныс жоғары.

«Жыл басынан бері 695 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Бұл ретте мемлекет ең төменгі жалақыны (42 500 тг) субсидиялайды. Ал жұмыс беруші өз тарапынан қосымша ақы белгілейді. Кейде оның мөлшері 70-90 мың теңгені құрайды. Мемлекет үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектерге ерекше қамқорлық көрсетеді. Олар үшін әкімдік шешімімен 63 750 теңге жалақы белгіленген. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарында 695 адам еңбек етіп жүр, оның 456-сы мүгедек», – деді спикер.

Новости партнеров