Сақ болыңыз: мамандар таудағы демалыстан бас тартуға шақырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматының төтенше жағдайлар қызметі су айдындарында қауіп барын ескертті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таулы аймақтағы су айдындарынан сақ болыңыздар! Алматының төтенше жағдайлар қызметі тауда қауіп барын ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың хабарлауынша, дәл қазір көлдегі мұздан аулақ болған абзал. Құтқарушылар көкке шыққанда балаларды қараусыз қалдырмауға, балық аулау кезінде қауіпсіздікті естен шығармауға, мүмкін болса әзірге таудағы демалыстан бас тартуға шақырды.

– Байланыс болмаса, таудың шыңына шығып, байланыс іздейсіздер. Қасыңызда көмекші болса, оны артқа жібересіздер. Ол сай жаққа, байланыс ұстайтын жерге баруы тиіс. Байланыс болған жағдайда, бірден "112" нөміріне немесе жедел-құтқару жасағына хабар бересіздер. Орналасқан жеріңізді де мәлім еткен жөн. Құтқарушыларға сол кезде ыңғайлы болады, – деді ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұлов.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жеңіл көлік көлге батып кетті

Новости партнеров